КҮЗГІ ЭСКИЗ — «Осінній ескіз» Степана Васильченка переклали у Казахстані
Казахською мовою оповідання видатного українського письменника Степана Васильченка «Осінній ескіз» переклала Гюльнар Муканова – кандидат історичних наук, доцент Казахського національного університету імені аль-Фарабі, м. Алмати. Організатор перекладу – Сергій Дзюба.
Степан Васильченко (Україна)
КҮЗГІ ЭСКИЗ
Постіль біла, стіна німа, —
І сон не береться:
Чорні очі, біле личко
На думці снується.
Украин халық өлені.
Оянып, мен ақырын тұрдым да төсекте отырмын, ұйықтамағандай. Терезенің сыртында күзгі түн – желді және жарық. Аспанда төменде алтын орақ секілді, кеш ай ілулі, ай жап-жарық, жаңадан соғылғандай. Оған бұлттар соқтығып, балықтардай шапшаң және тез қимылдайды. Олар бір жаққа жүгіреді табын-табын боп, жерге құйрықты көлеңкелерің тастап. Астында ағаш көрінеді – сезімтал, жыламсыраған, шулы: бір жерде жел гүжілдесе – ол да дірілдеп, мінеки жылай да бастады тірі жандай. Жел басылды – ол да үндемей қалады, көзі легіп қалады, ал оның бұтақтарының арасында белгісіз біреу қурап қалған жапырақтарды қолдарымен сыдырып алып жүргендей көрінеді.
Маған бірдеме елестеді.
Мен түс көрдім – алғашқы менің еркеліктерімнің, дос қызым келді, маған сөз айтты, – содан бүкіл байырғы ұшырылған, ұмытылған, кезінде оларды ойлап көп мұнайған қуаныштарым қайта ішімде дірілдегені сонша, мен оянып та кеттім.
Тыныш отырмын, езуімді тартып, көздерім қараңғыны кешіп жүр. Бақсам – олардың тереңінде ыстық мұң оянуда.
Қой, ұйқыны доғару керек.
Қонақтар үйге кеш келіп тұр, түн ортасында мейрам бастады, сондықтан мен ұйықтай алмаспын. Естеліктерімді жайып, іліп қояйын, қалындықтай өз жасауымды жайып қойып, айдың көзінше оларды тарқатып, қарап отырайын ең соңғы жұлдыз сөнгенше.
***
Өз-өзімді көремін – ол кезде қолымда ескі тозған әліппе, қуаныш-үміттерім кеудемде толы жүретінмін.
Ағаштардың арасында бақшада – ағаштан салынған кішкентай қора-амбар тұр. Әкесінің малақайының астынан сығалап қарап тұрғандай, сабаннан жасалған үлкен шатырдың астынан қарап тұр ол.
Амбардың ішінде – кішігірім үстел, керует, мектеп оқулықтары үйюлі тұр.
Мен төсек үстінде жатырмын, бірақ оқығаннан гөрі көбірек ойға батамын. Емтиханға аз уақыт қалғаннан соң мен бүкіл осы кітаптарды білгендеймін, бірақ олардан алыстап кету маған қорқынышты болды, олар менен қашып кететіндей. Және олар көз алдымда жатқанда ғана мен қиялға тезірек кететінмін: өйткені тек осы кітаптардан басқа ештеңеден емес, мен көпірлер салатынмын, олар арқылы әкемнің мұжық үйінен басқа елге кету әрекетін іздеп жүргенмін, сол елде қозылар да алтынға оралып жүргендей. Бір-бірлеп кітаптарды ашып өзімнің жәдігерлерімді түгендейтінмін сараң адамша, барлығы орында ма деп, бірдемемді ұмытып кеткен жоқпын ба дегендей.
Содан кейін – кітапты кеудеме салып, көзімді жұмып самғаймын-ау сондай жоғары бұлттар арасына, басым да айналып кетеді. Амбарда қараңғы, бақшада – үн жоқ, ұшқындай ұшып жүресің, бұл күнәға толық жерді артқа тастап: бүкіл әлемде еш жолдарда ешқандай қабырға, кедергі жоқ секілді.
Бір кезде ойланып қаласың: осы Аргентинаның ең ірі қаласы қай қала? -Тоқтап қаласың, шошып, көздеріңмен жапалақтай соғып-соғып: анау емес пе?.. Ох, жоқ, ол емес сияқты… – бұлттардан лезде ұшып жерге қонасың да, кітаптарды лақтырып, парақтарын жұлып жүргенде, жүрегін жылдамдырақ соққылай бастайды.
Таптым – деміңді де соншама оңай жұтасың, – Тәңір жалғасың!
Сәл демаласың да жүрекке жақынырақ тығып, әбден тозған, сиямен талай бұлғанған тұмарыңды – одан сайын жігерленіп, одан да биік көтерілесің.
Осындай уақытта амбар сыртындағы жабайы шөп қимылдайтын, есігіме тістелген алма, күнбағыстың сынығы мен қарбыздың қабығы кеп соғылатын.
Лезде қолыма кітабымды алып, қас-қабағымды тыйып аламын.
Екі қолын кеудесіне бүктеп, есік алдында көршім, менің ескі досым Мотря тұр.
Қадалып қарап тұр, үн қатпайды.
Жүзі қатал, көздері мұңлы, бірақ өзі юла сияқты иіріліп қимылдайды, шапшан. Қара шашты, қара торы, қоңыз сияқты, бірақ дауыстамайды.
Білем ғой, жәй емес келгені – қазір ғана есік алдында шулап, түрлі әрекет жасайды, мені төсектен сүйреп тұрғызу үшін.
Мен бірақ та қозғалмаймын, соңына дейін шыдап отырмын.
– Мүмкін саған осында құс төсек әкелу керек?.. Естисің бе, қожайын?
Үнсізбін, қабырғаға айтқандай ол.
Қарап тұр, тесіліп қарайды.
Содан соң, жан – жағына қарап, жылдам көбелектей амбарға ұшып қіреді.
Жүзі күлкісіз, көздерін ұрыдай жүгіртеді әр жаққа. Көзін сәл ғана қысып қойып:
– Кел, сүйісейік! – дейді жылдам, түсініксіз.
Байқасам, бүкіл менің білгірлігім жүзімнен ескі қабықтай сыпырылып түсе бастайды. Үндемеймін, кітаптын бетін ақтара, қасымды көтеріп қойып, тағы да басымды қітапқа иемін, сонда бір сөзді де көріп тұрған жоқпын.
Мотря сәл ғана иығымнан қозғайды.
– Естимісің, дудар бас, бол енді? – қасымен ымдап біреудің бақшасына алмұрт ұрлауға барайык, деп үгіттеп тұрғандай.
Мен күлкімді тыйып, өтірік қыңқылдап, дауысымды шығара айғайлай бастаймын, бақшада естілсін деп.
– Алла тағаланың жазығы не?..
Мотряны желмен әкеткендей ол амбардан зытады.
Табалдырықта лезде бері қарайды да, үндемей бетін тыржыйтып алады да – мен соқыр екенмін, қисык, зұлым құбыжық, суға малынған тауық, т.с.с. бәрін айтып тастап, – сумен шайылғандай өзі жоқ болады.
Кей-кезде ол менің амбарыма үш ретке дейін кіріп шығатын, бірақ одан сайын мені кітаптардан тұрғызу оған қиынға соғатын. Қаншама мені ол түрткілемесе де – мен ағаштың түбіріндей үнсіз, саңырау бола қалатынмын, тек ол өте қатты тиіскенде ғана мен бүкіл бақшаға шу көтеретінмін. Осыдан ол үрейдей қорқатын: көзімен мені атып, тез қашып кететін. Бірақ та тез ұмытып тағы да халімді білуге келетін. Татуласуға енді тура келді. Келіскеніміз – ол тыныш қасымда отырса ғана мен оған амбарға кіруге рұқсат бердім. Таңғалғаным – Мотря амбарға келгенде берген сөзіне берік болды: өзі жоқтай отыратын, қолына жұмысын алып, үндемей кетіп та қалатын. Мен де кейде қағаз-кітаптарымды оқып, ол бар екенін ұмытып та қалатынмын. Тек анда-санда маған көз тастайтынын аңғаратынмын – қарағаны терең, қадағалап қарайды, сынақтан өткізгендей.
– Айтшы сен маған, осы кітаптарда не жазылған? – деп сұрай бастады бір күні.
– Оны қайтесің? – деп айта саламын. – Бәрі-бір оңайлықпен түсінбейсің.
– Айтшы, не бар? – деп қоймайды.
Қоймаған соң мен әрең-әрең дегендей айта бастаймын.
Ол қозғалмай тындап отырады да көңілі түсіп басын шайқайды:
– Құдайым-ай! Мен өмірге соншама неге ақымақ болып келіппін ғой, – түк көрмейтін, ештеңе түсінбейтін соқыр адамша жүрмін, – мен кімге керекпін, осындай маһрұм… Білетінім тек қана: хи-хи-хи! мен ха-хаха! – деп өзін-өзі мазақтады.
Көп уақыт Мотря ойланып отыратын.
Бір рет қоймады: маған жаздыру ұйымдастыр, деп.
Ол мектеп бітірмеген, кітап оқығысы келмейді, сондықтан менің санама қонбады, не үшін оған жаздыру керек екенін.
Кітапты сенімсіз алып, бірдеме оқимын, күлкім келеді.
Оның жазғанын қарап, мен қатты күле бастадым жыңды адамша. Ол мен оқып бітіргенше қағазын жұлып алып қып-қызыл болып, ашуланып жүгіріп кетті.
Бұдан былай ол жағдайды еске алмады, тек көбірек ойлана бастады.
Кетуіме бір күн қалғанда мен соңғы рет асығып өз кітаптарымді қарап отырғам. Мотря әдеттегідей төсек үстінде кесте тоқып отыр. Бүгін ол таңертеннен бастап амбардан шыққан да ағаштан жоғары жоқ. Кестесін жылдам тоқыса да, түрінен көрініп тұр – миын қоршалаған өз ойларын ойлап отыр.
Күн де тамаша. Бақшада күзгі, соңғы гүлдер құлпырап тұр: әртүрлі астралар, лапылдаған настурция, гвоздикалар, қандай ыстық араб бұршағы. Ағашта жапырақтардың жасыл теңізінен кей жерде ақ самайындай сарғайған жапырақтар да көрінеді, сайдың жиегінде долана бұтағы лапылдап тұр, ағаштан жоғарырақ аппай күмістей жалт-жұлт етіп, күзгі өрмекшінің жібі, кең байтақ тап-таза аспан, тыныш, суық сиқырлармен бұрандалғандай.
Амбардың ішіне самал жел соқты, сылдырлаған.
Мені біртүрлі құаныш баурап алды, сондай қуаныштымын, жүрегім да дірілдеді. Бүкіл әлемнін қуанышы жиылып маған бұлақтар секілді аққандай. Мені әлде қайда құпия, жарқын, қызық өмір күтіп тұрды, осында да бәрі менімен мейірімді, жақсы көреді, менен әлде қандай үміт күтеді, міне мынау мазасыз – ол да үнін өшіргендей: маған жейде тігіп бітіруге жақын.
Оған қарай мен де күлімсіредім. Мотря маған қарады да, тағы да еңкейіп жұмысын жалғастырды.
Тағы маған көз тастады да қызарып кетті – ісі найзағайдай басқа бұрышқа ұшып кетті…
Бақшада секіріп жүрміз, бүлдіргеннің үстімен, жабайы шөп арасында, бір-бірімізді қалақаймен шағып, шөпті лақтырамыз.
Қақпа жақтан дыбыс естіледі – анасы Мотряны үйге шақырады.
Біз еріндерімізді тістеп, күлмеу үшін, үндемей жүгіріп жүрміз көленкелердей, тек беттеріміз сабан бұтақтары секілді лапылдап жанып тұр. Тек қана жабайы шөптер қимылдайды.
Қолынан ұстап алдым – қолы тырналған, қалақай шаққан жерлері ісінген, қып-қызыл, ып-ыстық.
Таңғалғаным, Мотря қарсылықты лезде тоқтатты да, басын төмен түсірді де күрсінді. Мен қандай да бір себептермен оның қолын жібере қойдым да, оған қарап тұрмын.
– Енді сен ертең кетіп қаласың ба? – ақырын ғана сұрады ол. Содан сон қоса айтты: – Міне, ойнап жүрміз, бірақ тағы бір кез келсең «сәлем» деп те айтпассың.
Менің де көңілім түсіп кетті, бірдеңеден өкінген сияқтымын.
«Сәлем» деп айтар ем, кездессек, бірақ ұмытуым да бірталай», – деп ойладым.
– Қайдан шығардың ондайды? Неге мен «сәлем» деп саған айтпаспын! – деп шынайы қарсылық білдірдім.
Қуанып кетті.
– Еңдеше, кешке қоршаудың қақпасы маңайына шық, – бірдеме айтамын, – ұялып, көз астымен қарап, – деді ол. – Шығасың ба?
– Не айтқың келеді? – деп тынышталып, сұрадым.
Тілін қақты да құлықшы көзін тарылтып,
– Жап-жақсы бірдеме!
Басын шайқады да көзін жұмғандай болды – сондай жақсы.
– Ендеше қазір айт, – деп мен оны көндіргім келді, – кешке жолдастарым келеді, мүмкін уақыт та болмас. – Айтшы!
Қарасам – қобалжып тұр.
– Ал? – мен оны ынталандыруға кірістім. – Сонымен?
– Ал, жарайды, – келісті. Жүзі сондай көңілсіз, шынайы, сенімді болып кетті.
Жақындап келді, қызарып, көздері жыпылықтайды, бірдеме айтуға батылын жиып тұр.
Бірақта шошынғандай:
– Ух!… деді.
Лапылдаған бетін қолдарымен жауып, менен құстай ұшып кетті.
– Шайтан қыз емес пе? – Қылығын түсіне кетіп, мені де жел ұшырғандай, артынан жүгірдім.
Мотряны иығынан ұстап алдып өзіме бұрдым:
– Қанеки, айтшы маған «жақсы бірдеме»!
Ол жүзін менен алыстатады, маған қарағысы келмейді, естілгені ғана:
– Ой ой ой….
Мас адамша жерге құлайын деп тұр.
Бақсам – маған енді бір сөз де айтпас.
Үйдің қасында екі ананың кеңесі естіледі:
– Көршім ай, мен сізге өкпелімін, – қалжындап, Петриха менің шешеме ренжуін білдіреді. – Қызым амбарға сіздің ұлыңызға баруды көбейтті, үйде ұстай алмаймын. Ұрыстым қаншама, оған мән бермейді. Тім болмаса сіз оны амбардан қусаңыз еді.
– Жә, әңгімелерін айтып болсын да, енді келе де алмайды, – деп күрсінеді менің анашым.
Мотря өз қоршауының артында, таңқурай қопасының ішінен сығалап тұр. Беті лапылдап, жігерлі қара көздерімен атқылағандай.
Көздері сөзсіз менен жауап күтеді:
– Шығасың ба енді? Қара да тұр!
***
Осы жүзімен есімде мәңгілік қалды.
Есімде жоқ, қай себеппен мен сол кеште қақпа жаққа шықпадым. Жолға жүріп кеттім, оның «жақсысын» да ести алмай.
Содан кейін мен оны кездестірмедім – жолымыз әр жаққа бөлініп кетті. Бірақ ол кездейсоқ жағдайда есіме түсетін бірнеше рет, көп жылдар өтсе де, жап-жарық жұлдыздай жадымда сақталса да, менен алыстап ұшып кететін!
Мен оқуыма кеткен соң, көп ұзамай Мотря маған мектебіме хат жолдады.
Жазуы қисық болса да, жазуға жауапкершілікпен қарайды екен, және жазуыма күлме деп, өтініш бар хатында.
Менімен қуанышты хабармен бөлісті: ол да адам боламын деп – шешесін көндіріпті қалаға барып тігінші кәсібін оқимын деп. О, жаратқан, – қанша жаңа үміт жас арудың кеудесінде қозғала бастады! Менімен ақылдасады ағасындай, барлықты шынайы мойындап. Хатының соңында тек жазғаны: «Енді өкінбеймін, саған «жақсы бірдемені» айтпағанымды. Одан да күте тұрайын құдай маған жәрдем берер мақсатыма жету үшін, сонда ғана айтармын одан да жақсы».
…Байғұс қыз – қалай жақсы көреді, қалай сақтайды өзінің «жақсы бірдемесін»!
Өкіндім мен, баяғыда оны және оның жақсысынн, ұмытқанымды.
Кешке ұйықтауға барсам – көпке дейін көз алдыма келгені – ағаштар арасындағы қап-қараңғы аспан, оның үстіне біреу мықты қолымен күміс ұшқындарды сеуіп тастапты, олар қара барқытқа жабысып алып жарқ-жұрқ етіп жанып тұр. Ауылымызда кешкісін аспан осындай болатын. Жұрт кешкі астарын ішіп, ұйқыға батты. Үйлер ағаштар арасында тығылып тұр. Есік алды кішкентай-ақ, көшеміз тар, ағаштар биік, бұтақтары кең тараған. Жалғыз тұрғанға көңілсіздеу және қорқынышты да.
Ол қақпаның қасында тұр, қарақат көздерімен жұлдыздарға қарап қояды, күтуде.
Қараңғы түскеннен ғана әрең дегендей үйіне кірді.
Есік алдында күрсінді: кімге мен керекпін, ақылсыз қыз…
Тұңғыш рет кеудемде өкініш туды:
– Бара салсам нем кетер еді?…
***
Көп жыл өтті – қанаттарым қатайды: баяғыдай көкке ұшырмайды. Бұлттарға апарар көпірлерді белгісіз шайтан қиратып кеткендей. Әліппені де әлдеқайда лақтырғам: қаруым түкке жарамайды екен.
Өлеңдер де, ойларым да, сөзім де өзгерді…
Бір күні ауылдас жолдастармен жол жүрдік, Жаңа жыл алдында.
Торап стансасында біздің поезымыз көп тұратын болды, сондықтан біз вагоннан шықтық та кісілердің арасында жүрміз.
Мен танысымды кездестіріп, онымен әңгімелесіп тұрмын.
Женімнен біреу тартады – жалт қарасам: жолдастарымның біреуі демін ала алмай бірдемеге қуанып тұр.
– Тез жүр, сені Мотря шақырады!
– Қайсы Мотря?
– Сенің көршің емес пе! Есінде ме, саған барып жүрді ғой амбарға?
Көз алдымнан қара көздер жарқ етті, байырғы, таныс, мен лезде бәрін еске түсірдім.
Тездеттік.
– Сені міндетті түрде әкел деп тапсырды, – жолшыбай жолдасым айтып келе жатыр. – Ол Курск пойызымен жүреді. Өзгеріп кетіпті, әрең таныдым.
– Марк екеуіміз платформада серуендеп жүрсек, – арығарай айтып келе жатыр, – алдымыздан бойжеткен қыз шықты, қолында сөмкесі бар, вагонға асығып бара жатыр. Қарақат көз, қыпша бел, қара торы, сыған баласы сияқты, – «осы қызды бір жерде көрген сияқтымын!», – деп ойладым. Қарасам, Марко да оны танып, езуін тартып соған ұмтылды.
Жүрегім қатты соғып тұр – ох, кешігіп қалмасақ-қой!
Бір жерде жұмыс істей ме әлде үйіне бара жатыр ма? деп сұраймын.
– Анығын сұрауға уақыт болған жоқ, – әйтеуір бір жерде қызмет істейді.
Паровоз ысқырады.
– Асығайық!
Вагондар арасымен бір түкпірлерде айналып жүрміз.
Бізді көріп арамызға Марко жетті. Көздері қуанышқа толы, жүзінде – өкініш сезіледі.
– Қап, кешіктіңіз, – ол сізді қатты көргісі келді – станция жаққа көз тастай берді. Саған «жақсы бірдеме» айтам деп уәде берді, сонымен кетіп қалды. Мен былай да былай да сұрап едім, не айтқысы келеді, мен оған жеткізейін деп те айтқам, – айтқысы келмеді. Айтады, – мүмкін тағы да көрісуге сәт туар, сонда өзім айтамын деп.
Жүрегімді біреу қысқандай, пойыз артынан жүгіргім келді.
Жолдастарым ол туралы тағы да жаңалықтар айтып жүрегімді бірнеше инелермен шаншығандай болды.
Мінезі бірқалпы, өзгермеген, бірақ көздерінде жаңа жарық пайда болды, көп оқығаннан ба, өмірде көп көргеннен бе.
Жолдастарым тағы да вагонның ішінде әңгімелесті де ұмытты, өз шаруаларына кірісіп кетті, мен болсам әлі көп уақыт кеудем сыздағанын тоқтата алмай жүрдім.
Көңілімді бір ғана оймен көтеремін: үйге хат жазайын, біліп алайын қайда тұрады, хат жазысып тұрамыз, қаласам – өзім де сол жаққа барамын – мені кім ұстай алады! Барамын, көремін де «жақсы бірдемені» естимін.
Бірдеме қайғылы сыбырлағандай:
– Жазбайсың да, бармайсың да: үш күн өткесін – осының бәрі суалып кетеді, барлық түпсіз тұңғиыққа батады, және тағы да тек сонда ғана қайда болады, қай кезде өзі қалайды, қашан толқын екі шағын қайықты кең теңіз ортасында кездестіреді.
Кездестіре ме – оны білу мүмкін емес…
Қабырғалар, қабырғалар, торлар, кісендер, қарулар, құлыптар…
Алтын үміттерім, балалық қиялдарым – бәрі де қираған, жел мамықты ұшырғандай. Биік қоршаудың сыртына, қараңғы әйнектердің арасына лақтырылды.
Мәссаған, бүкіл ширақ кең әлемім осы – қабырғадан қабырғаға дейін.
Өмірде күн де, қуаныш та, күлкі де жоқ сияқты.
Жүрек те құра бастайды, үміттер де сөнеді, тілектер өледі…
Хат – қысқаша ғана, кәртішке.
Үстінде – алыстағы жат түрменің мөрі басылған. Танғалдым – кім екен о жақта танысым?
Қол таңбасына қарасам – ештене айтпайды: мүмкін, таныс біреу, ол емес те шығар, есіме түспеді. Қолы – бөтен. «Қымбатты жолдас, маған үйден хабар келді сіз де торда екеніңіз туралы. Қолыңызды қатты-қатты қысамын. Маған жазбай тұра тұрыңыз – мен пересылкадамын, баратын орным белгісіз. Үш жылға соттады, Нарымға!..» Оқып отырсам – хаттан біртүрлі жаңа жігер бұрқырап тұр, туған даламның самалындай.
– Бұл кім екен?
«Тау тауменен қауышпайды, – мүмкін кездесерміз сәт туса». Арығарай ұсақ әріптермен қоса жазылған. «Сонда ғана, мүмкін, «жақсы бірдемені» айтармын сізге».
Тор сыртында күн атқандай. Қуанышымды тыяр емеспін. Жолдастарым қасыма келіп, олар да бірдеме сезгендей, езулерін тартып тұр, маған қарап қояды:
– Не, бостандыққа ма? Кепілге шығаратын болды ма?..
– Одан да жақсы!..
Кісендер сылдырлайды, қарғау сөздер естіледі, қамау туралы өлеңдер де гүжілдейді, құлпылар тарсылдайды, – ештеңені көрмеймін де естімеймін. Дуа түскен адамдай жүремін, күлімсіреп. Сеземін – кеудемде жаңаша ағындар тіріліп, үміттер бас көтереді.
Бір кезде, біреу ыстық болатпен ұйықтап қалған жүрегіме тие қалғандай – оттай үміттер лапылдады, азаттықты аңсаған арманым – пышақтай өткір пайда болды.
Өмір сүру!…
Тағы да – ескі амбар, ағаштар арасынан күлімсірейді, дөкей малахайдың астынан қарап тұрған балақайдай.
Сәл-сәл денсаулығым дүзеліп келеді, таяққа сүйеніп бақ-бақшада жүремін, амбарда ескі төсекте демаламын. Кеше ғана осында қолыма әліппемді алып жататынмын…
Амбардың сыртында жабайы шөп қимылдаса – жүрегім ақырын селк етеді.
Ақырын ғана, ал мен күрсінемін:
Мотря жоқ, болмайды да, солай айтып жүргендер бар.
Оның орнына күнара қарт Петриха қалымды біліп келеді, баяғы қызындай.
Келеді, жаңа терілген жидекті тәрелкеге салып, қасыма қояды, өзі төсектің жағасына отырады.
– Түнде тағы да түс көрдім, – дей бастайды, – содан бері өз-өзіме келмей жүрмін, басым айналып. Үйіме кіріп қалсам – менің көгершінім, жарқын күнім отыр. Мен аяғыма шейін дірілдедім, бірақ есіме түсе қалды – ол жер бетінде жоқ екені, ептеп сұрадым: «Қалайсың, қызым?.. «Жақсы, – дейді, – өте жақсы, бірақ әлі үйрене алмай жүрмін…»
Петриха көз жасын қарт көздерін орамалдың шетімен сүртеді.
Оны не деп уатасың?
Оған айта бастаймын, қызын бақпаған, түнде тұрып әлдилемеген, бөтен адамдар оны ұстап алып, ұрғанын, қинағанын, жат жерге айдағандарын. Және оны соттағанда да ана жүрегінен рұқсат ешкім сұраған жоқ. Ана жүрегінің бір бөлігі алыста жатыр, – өзендер, қалалар, жат елдер артында, жат топырақпен көмілген.
Күннің көзі де аз сол жақта, тек оппа қар ағарған, күні-түні қарағай ормандар шулап тұрады. Сол жақта ешқашан қар да ерімейді, жел ғана әрқашан соғып тұрады.
Қараңғы түні ананың толғауына сол жаққа бару алыс та, көңілсіз де.
Петриха тыңдап отыр, көзін алмай, – көзінің түбінде көлдей жас толы.
Баяу қол орамалын алып, көзіне тақайды:
– Ох, жат жер қыша себілген, жабайы шөп отырғызылған…
Жылайды.
Менің жанымда сағыныш оянды соншама құрғақ, өткір…
… Тау таумен қауышпайды… Ия, кездеспейді таумен тау. Алайда уақыт келеді, бір таудан екіншіге құрғақ шөпті, дала арқылы, орман арқылы, құтырған желмен алып келер, бірақ сол жат жерден бір да хабар болмас, күн нұрын түсіргенше!
Бақыт – дейді ау… Адам баласы жер шарды айналып жүгіре береді, сүрінеді, жылайды, қуанады, – өмірде бақыт іздейді: өмір сүрсем, тек қана бақытты өмір сүрейін деп.
Оған айтады: бақыт – қиял, елес, ол жоқ өмірде.
Жылайды, өкіріп жылайды! – ештеңе көмектеспейді.
Қайғырады, көңілсізденеді, кейін бақыт туралы ұмытып, өзіне әлдеқандай тағдырды жасайды. Әр адам өз жүрегіне тән, тағдыр қалайды: мынаған мынандай, анаған анандай… Кей біреулер тек қанбақ шалға қызғанышпен қарайды. Жер аралайды, өмір көреді – оған жақсы екен: күн нұрын шашады, самал жел баурайды. Шаршады ма – ағаштың бұтағына ілесіп, жолда демалып та алады; жұлдыз жарқырайды, флейта ойнайды – тындап алады, күлімсірейді, ағаштың қасында қайғырады жапырақтары түсіп жатқанына, қоштасып арығарай домаланып кетеді. Түн түссе, ауа райы бұзылса ашық дала ортасында, сонда ғана сақ бол, қаңбақ шал, саған пана жоқ. Соңғы тамшыға дейін сенің үстіңе бұлттар жаңбырлатады, ұзақ түн бойы құтырған жел соғады, күн атқанша. Күн жылытты ма – тағы да қуанып, кең әлемге қарай қуана кетесің.
Оған жақсы, әрине, ешкім сезбейтіні, қалай оны қараңғы түнде ызғар жаңбыр соққаны, күркіреу саңырау қылғаны, найзағай шаққаны, ешкім көрген жоқ оның қатты жел астында, қара кесек жерге, егістік үстінде жабысып, дірілдегенін.
Осылай соның артынан домалап жүрер ем, қар басып қалғанша.
Алайда, күзі түні бірдеме ұшып келеді, оятады, ренжітеді, мазаңды алады.
Бақыт та, қуаныштар да, көңіл де осы өмірде бар, дейді…
Елес, түнгі елес…
– Жоқ, бар! бар! – деп жүрегім кеудемде айқай салады, дірілдейді… -Таулардан тыс, теңіздерден тыс – бар ғой! Тап! Сұра! Күрес!
Ұйқым келмейді, жүрмін өзімді түрлі ойлармен қинап, естеліктермен көңілдендіріп.
Терезеге бұтақтар еңкейеді – толғатып, тыпырлап, өз бақытсыздығына шағымданып. Аспанда бұлттар, теңіз толқындарындай, – суды лақтырып, шашып, толқиды; олардың арасында ай жанып тұр, ұшқындарды шашып, алтын таудың шыңына ұқсап.
Жел ұшып, жел соғады ау, – байғұс ағашты жыртып, сындырып, жапырақтарын белгісіз жерге ұшырады.
Шаршайды, бір сағатқа тынышталады, тағы да шулайды, қатты – қатты гүжілдейді, бұтақтарымен әйнекке сыңғырлайды, маған тыныш қабырғалар ішіне жаңадан естеліктерді, жаңа қайғыны лақтырғандай.
Байлығыңды ал өзіңе, өзіңді уат та ұзақ, күзгі түнді қысқарта бер.